Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі жалған стоматологиялық қызмет көрсету үшін Зейнетақы қорынан 200 миллиард теңгеден астам қаражаттың жымқырылғанын анықтады.
Ақша жалпы соманың 20 пайызына дейін алған делдалдар арқылы аударылған. Тәртіп сақшылары бұл делдалдардың иелігінде сәнді көліктер паркін, түрлі жылжымайтын мүліктерді, зергерлік бұйымдарды анықтады.
Тергеу шараларына байланысты 2026 жылдың 15 сәуіріне дейін зейнетақы қаражаты есебінен тіс емдеу уақытша тоқтатылды.
AIRAN YouTube арнасынан алынған бейне.