ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің қазылар алқасы Шымкент мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы Әбинұр Қарабаевты этикаға жатпайтын мінез-құлық үшін жазалау туралы шешім шығарды.
2025 жылдың тамыз айында судья сот отырысы кезінде журналистерге тілін шығарып, бұл камераға түсірілген. Екі айдан кейін қазылар алқасы Қарабаевқа сөгіс жариялады.
Мас күйінде көлік жүргізіп бара жатқан жерінен ұсталған Астана қалалық ауданаралық азаматтық сотының судьясы Әсел Досаева да жазасыз қалып отыр.
AIRAN арнасынан алынған бейнежазба.













