Хромтау қаласының әкімі Сағындық Шабықбаев пара алғанын мойындап, түрмеден құтылды. Ол Хромтауда тендерде жеңіске жеткен кәсіпкер орнатқан ойын алаңдарын қабылдағаны үшін «сыйақы» талап етті.
Делдал арқылы кәсіпкер әкімге 400 000 теңге төлеуге міндетті болды. Делдал сонымен қатар 700 000 теңге «комиссия» қосты. Параның жалпы сомасы 1,1 миллион теңгені құрады.
Әкім мен делдал кінәсін мойындады. Сот олардың әрқайсысына 12 миллион теңге айыппұл салды.
AIRAN арнасынан алынған бейнежазба.













